Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Халықаралық студенттер спорт федерациясының президенті Олег Матыциннен хат келді.
Ұйым басшысы биыл қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-і аралығында Алматыда XXVIII Дүниежүзілік Универсиаданың өтуіне орай алғысын білдірді.
«Ойындар 70 мемлекеттің телеарналарында көрсетіліп, Қазақстанның абыройын асқақтатты. Бүкілдүниежүзілік студенттер ойындарының Алматыда жақсы өтуі Қазақстанның ең жоғары деңгейдегі спорттық шараларды өткізуге қауқары жететінін дәлелдеді.
Шетелдік меймандардың басым бөлігі Алматыдағы Универсиада ойындарын «тарихтағы ең үздік Универсиада» деп бағалап отыр. Халықаралық студенттер спорт федерациясының және жеке өзімнің атымнан Сізге бұл жобаны қолдағаныңыз үшін үлкен алғыс білдіремін», делінген хатта.