Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айтты

07.02.2023

Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның бірнеше провинциясында болған жойқын зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Режеп Тайип Ердоғанға қайғыра көңіл айтты. Мемлекет басшысы Түркияның зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу