Сырдария өзенінде сең ерте қозғалмақ. Түркістан облысындағы жауын-шашын мен тау суы дарияға құйылып, Сыр өңіріне мол су келе жатыр. Аймақта 20-дан аса елдімекенді су басу қаупі бар.
Қазір облыс аумағына секундына 630 текше метр су жіберілуде. Оның 130-ы жанама каналдар арқылы көлдер мен шабындық жерлерге құйылуда. Ал Жаңақорған мен Шиелі аудандарында ауа райы жылынып, өзенде сең қозғала бастады. Қазір Қарғалы ауылы маңында мұз ұстасып, дария деңгейі едәуір көтерілген. Бөгеттердің осал тұстары нығайтылып, су жығып кетпеуі үшін арнайы техникалар басында тұр. Мамандар қауіпті учаскелерде жағдайды күндіз-түні бақылауда ұстап отыр.