Қазақстан бауырлас елге қолдан келген көмекті аямайды - Республикалық жедел-құтқару жасағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бауырлас елге қолдан келген көмекті аямайды - Республикалық жедел-құтқару жасағы

07.02.2023

Бұл – Қазақстанның бауырлас мемлекетке көрсеткен алғашқы жәрдемі емес. Сонау 1999 жылы Түркияда Мәрмәр теңізінің жағалауында 7,7 балдық қуатты жер сілкінісі болғанда да қазақстандық құтқарушылар көмекке барған. Зілзала Измит қаласын жермен-жексен етті. Қазақстан Президентінің тапсырмасымен 1999 жылы 28 тамызда Валерий Петров бастаған Республикалық жедел-құтқару жасағы мен Апат медицинасы орталығының мамандары Анадолы еліне аттанған. Білікті мамандар 14 күн іздеу, құтқару жұмыстарын жүргізген. Ресми ақпараттар бойынша, сол апат кезінде 15 мыңнан астам адам қаза тауып, мыңдаған үй мен нысан қираған.

Валерий Петров, ардагер құтқарушы:

Сол кездегі түрік халқының жағдайын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Біз құтқару операциясы барысында үйінділер астынан 1 баланы, қаза болған 55 адамның денесін алып шықтық. 260-тан астам жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсеттік. Түркия елінің емдеу мекемелеріне 500 кг дәрі-дәрмек ұсындық. Табиғи апат кезінде Қазақстан қолдан келген көмекті аяған жоқ.


Хабарламаларға жазылу