Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың жақындарына көңіл айтып, жараланған тұрғындардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Димаш Құдайберген, әнші:
Әлем бойынша ұйымдастырлып жатқан жеке кештерімнен түскен қаражаттың бір бөлігін зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде аударатынымды айтқым келеді. Әр отбасыға аманшылық тілеймін. Аспанымыз ашық, әлем атты ортақ үйіміз апат пен зілзаладан аман болсын. Елімізде, әлемде тыныштық болсын! Барша әлем халқы бақытты болсын!