Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қостанай, Ақтау, Ақтөбе, Тараз және Атырау қалаларындағы Президент резиденциялары балалардың игілігіне берілетін болды. Оның нақты қандай мекемеге айналатынын жергілікті әкімдіктер шешеді.
Мәселен, Ақтөбедегі мұндай нысан сауықтыру лагеріне айналуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімдігінің өкілдері айтты. Қала шетінде, Қарғалы өзенінің жағасында орналасқан аумағы ат шаптырым бұл ғимаратта қазір ешкім тұрмайды. Тек шетелден ресми сапармен келетін қонақтарға қызмет көрсетеді. Қазір мұнда мекемені күтіп ұстайтын жауапты бірнеше адам ғана бар.
Ержан Байтанаев, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары:
Оны өткізбестен бұрын біз ішін қараймыз және ішін сол берілетін мекемеге, балаларға берілсе, лагерь болатын болса, лагерге жабдықтап беруіміз керек. Сол жұмыстарды жүргіземіз. Құжаттардың бәрі рәсімделуі керек.