Түркияда тұратын қазақстандық кәсіпкерлер мен Стамбұлда оқитын қазақ студенттері жер сілкінген аймаққа көмек жіберді. Стамбұлдағы Қазақстан бас консулдығының бастамасымен алдымен студенттер қан тапсырып, балаларға арналған керек-жарақтар жинады. Ал кәсіпкерлер апат аймағындағы тұрғындардың тамақтан таршылық көріп отырғанын ескеріп, 23 млн теңгенің азық-түлігін жөнелтті. Қиын жағдайда қалған бауырлас елге қол ұшын созуға әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтар да атсалысты. Бірнеше сағат ішінде жиналған қомақты қаражатқа алынған азық-түлік бір жүк машинасына тиеліп бүгін апат аймағына жолға шықты.
Дидар Оқас, студент:Бауырлас Түркия мемлекетінің басына қиындық түскен кезде осында оқып жүрген студент ретінде және ҚР азаматы ретінде қол қусырып жата алмадық. Барынша материалдық болмаса да физикалық көмек көрсетіп, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші бауырлас мемлекет болғаннан кейін барынша көмегімізді аянбай қолымыздан келген көмекті берудеміз.
Сәтжан Тоқтарбай, кәсіпкер:Осында Стамбұлда тұратын қазақтар түрік халқына көмектесейік деп өзіміз шағын жинақ аштық. Кейін оны инстаграм парақшасына салып, халық болып ақша үлкен 35 млн теңге жинадық. Оның 23 млн теңгесіне азық-түлік алып, қалғанын 12 млн теңгеге балаларға сүт, жөргек алатын боламыз.
Айдос Әшімұлы