Қостанай облысындағы жылу құбырларының 57% тозып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы жылу құбырларының 57% тозып тұр

08.02.2023

Қостанай облысы бойынша жалпы ұзындығы 810 шақырым жылу желісінің 57 пайызы тозған. Соның ішінде ең төменгі көрсеткіш Лисаков қаласында. Мұнда 112 шақырым желінің 41 пайызы жаңартуды қажет етеді. Ал ең жоғарғы көрсеткіш Арқалық қаласында. Небәрі 35 шақырымға созылған құбырдың 90 пайызы шіріп тұр. Оны жаңартудың үш жылға межеленген жобасы бар. Жалпы былтыр облыста барлығы 19 шақырым жылу желісі қайта тартылған. Биыл осы бағытта тағы 5 жобаны жүзеге асыруға 8,6 млдр теңге бөлініпті.

Алмат Ғаппасов, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Биыл қаңтар айында, республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға 9 жоба ұсындық. Жалпы құны 17,1 млдр теңге тұрады. Бұл жобалар жүзеге асса желілердің тозу көрсеткішін 57 пайыздан 55 пайызға төмендетуге болады.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу