Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

08.02.2023

Бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтап, оларды жою үшін тиісті шаралар қабылдау керек. Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдап, осындай тапсырма берді. 

Былтыр 4400-ден астам өтініш түскен, оның 34% -ы шешімін тапты. 23%-ы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уәкіл өткен жылы рейдерлікке қарсы күресті күшейтуге және бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғауға қатысты түзетулер заңнамаға енгізілгенін жеткізді. Сонымен қатар Президентке кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу