Екібастұздықтар жылу ақысының тек 30% төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздықтар жылу ақысының тек 30% төлейді

08.02.2023

Екібастұз қаласы тұрғындары қаңтар айына тиесілі жылу ақысының тек 30 пайызын ғана төлейді. Қалғанын монополист компания өз мойнына алды. Ал, жарық үшін толық төлеуге тура келеді. Себебі, энергия таратушы кәсіпорын бөлек. Алайда, бұған тұрғындар наразы. Себебі, қазір жұрттың көбі пәтерлерін жылыту үшін кемі 2 несесе 3 электр пешін қосып отыр.

Ақмарал Қарағызова, Екібастұз қаласының тұрғыны:

Қараша айынан осы күнге дейін жылытқыш тәулік бойы қосулы тұр. Оны өшірмейміз. Өшірсек мүлдем тоңып қаламыз. Жарыққа 20-30 мыңнан келіп жатыр. Осы қыс бойы балалар 3-4 рет ауырып шықты. Сондықтан дәрі-дәрмекке кетіп жатыр ғой бүкіл ақша.

Қазір жылу орталығында 4 қазандық қана жұмыс істеп тұр. Кешеден бері мектептер онлайн оқу форматына көшті. Балабақшаларда кезекші топтар ғана қалды.Тұрғынедардың кейбірі пәтерлерін жауып, пешпен жылытылатын жер үйлерге көшіп жатыр.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

Мына жылу беру жүйесі бір қалыпты өкінішке орай жұмыс істемей тұр. Бірақ мүлдем жылу беріліп жатқан жоқ деген ақпаратқа сенуге де болмайды. Өкінішке орай кей күндері үш қазандыққа дейін түсіп қалады қазандықтардың саны. Ол күндері жылу параметрі түседі.

Болат Аманбаев      

Хабарламаларға жазылу