Түркияда қазақстандық студенттер еріктілер қатарында жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда қазақстандық студенттер еріктілер қатарында жүр

09.02.2023

Түркиядағы зілзаладан кейін зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Қол ұшын созып, демеу білдіріп жүргендердің арасында қазақстандық студенттер де бар. Мысалға, Қайсар Шахмұрат есімді отандасымыз Анталия қаласында еріктілер қатарында жүр.

Қайсар Шахмұрат, студент:

Мінекей, көретін болсаңыздар дәл мына жерде зардап шеккен тұрғындарға берілетін дәрі-дәрмектер. Одан былай қарай қарасаңыздар керекті мінекей қаржылар жинап жатыр арғы бетте. Ал, мына жерде түрік тұрғындары және басқа да азаматтар өздерінің үйлеріндегі қолданылмай жатқан заттар, қолданып жатқан заттарының барлығын зардап шеккен тұрғындарға беру үшін алып келіп жатыр.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу