Алматыдағы Орталық мұражайда «Музей түні» атты ашық есік күні жарияланды. Елімізде 10 жылдан бері тойланатын бұл мереке «Халықаралық музейлер күні» қарсаңына тұспа-тұс келіп отыр.
Айтулы мерекеге орай алдағы үш күнде шаһардағы барлық мұражайларға кіру тегін болады. Сондықтан қала қонақтары мен тұрғындары бұл мерекені аса қуанышпен қарсы алады. Мұнда келуші қонақтардың назарына мұражай қорынан алынған он мыңнан аса тарихи жәдігерлердің бірегей және сирек заттары ұсынылды.
Сыры кетсе де сыны кетпеген көне жәдігерлер байырғы тарихтан сыр шертеді. Жеңістің 70 жылдығына арналған бұрышта соғыс кезіндегі қару-жарақтар мен фотосуреттер қойылған.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ