Мемлекет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-ші кездесуіне келген делегация жетекшілерін қабылдады.
Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларды құттықтап, бұл іс-шараның биыл маусымда Астанада болатын ШЫҰ саммиті қарсаңында өтуінің маңыздылығын атап өтті. Президент Санкт-Петербургтегі лаңкестік әрекетке тоқталып, терроризмнің қанат жайып бара жатқанына алаңдаушылығын білдірді. Сондай-ақ, Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне мемлекет басшылары ерекше мән беріп отырғанын айтты.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы ШЫҰ-ға мүше елдердің өкілдерін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/1713/)