Украина президенті Владимир Зеленский елде қарулы қақтығыс басталғалы шетелге екінші мәрте сапар шекті. Лондон мен Парижден кейін ол Брюссельге барып, Еуроодақтың саммитіне қатысып жатыр. Сапар мақсаты - Ресейге қарсы күресте батыстан көбірек қару, соның ішінде соғыс ұшақтарын, алысқа жететін зымырандар сұрау. Саяси сарапшылардың пікірінше, Зеленскийдің дөңгелек үстел басында бұған қатысты нақты нәтижеге қол жеткізуі екіталай. Десе де, ол Еуропа лидерлері алдында ұстанымын өзі жеке барып айтуға мүмкіндік алды.
Арай Төлегенқызы