Тұңғыш Премьер-Министр Сергей Терещенко қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Премьер-Министр Сергей Терещенко қайтыс болды

10.02.2023

Бүгін Қазақстанның тұңғыш Премьер-Министрі, кәсіпкер Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің қазасына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. «Сергей Александрович еңбек жолында колхоз инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші төрағасына дейінгі кәсіби белестерден өтті. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар әзірленіп, жүзеге асырылды»,- делінген жеделхатта. Сергей Терещенко 1991 және 1994 жылдар аралығында еліміздің жоғары атқарушы билігін басқарды. Осылайша тарихта тәуелсіз Қазақстанның Үкіметін бірінші басқарған адам ретінде қалды. Кейін кәсіппен айналысты. Жаңа өндіріс орындарын ашып, шаруашылықтарды басқарды. Елге сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағымен, басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды.


Хабарламаларға жазылу