Батыс Қазақстан облысында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған жауынгерлердің жерленген орындарын анықтау бойынша бірлескен экспедиция өтеді. Мұрағаттық-іздестіру жұмыстарын «Атамның аманаты» қоғамдық ұйымы Ресейдегі әріптестерімен бірігіп атқарады. Мұндай келісім Волгоград қаласында өткен кездесуде жасалды. 1941 жылы Сталинград қаласына Батыс Қазақстан облысындағы Шахин, Жанай және Жәнібек теміржол станциялары арқылы азық-түлік пен қару-жарақ тасымалданған. Станцияларды жау бірнеше рет ұшақпен бомбалаған. Сол кезде қайтыс болған талай боздақтың есімі әлі күнге дейін анықталмады.
Денис Соловьев, «Наследие» іздестіру ұйымының басшысы:
Іздеу вахтасы 25 сәуірден 7 мамырға дейін жалғасады. Бұл үшін Ресейдің түкпір-түкпірінен Батыс Қазақстан облысына 600 адам келеді. Сарбаздардың мәңгілік мекеніне айналған тағы бір орын бар. Онда 1941 жылы қайтыс болған қазақстандық сарбаздар жерленген. Біз сол аймақта да іздеу жұмыстарын жүргіземіз.
Индира Бегайдар