«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры науқас балаларды шетелге жіберу шарттарын жеңілдетті. Бұл туралы қор төрағасы Болат Жәмішев тілшімізге берген сұқбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұрын мемлекеттің бюджет қаражаты жетпей қалған кезде қордың көмегіне жүгінетін. Қазір ауруын жазуға отандық медицинаның күші жетпеген кез-келген бүлдіршін қаржылай көмек ала алады. Бірақ алдымен елдегі емханаларға жүгінуі шарт. Ата-ананың өтініші қазақстандық дәрігерлер дертке дауа бола алмаған жағдайда ғана арнайы анықтама арқылы мақұлданады.
Серік Селеубай