Қазақстанда су экожүйелерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда су экожүйелерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету жоспарланып отыр

10.02.2023

2029 жылға қарай Қазақстанда магистральді және шаруашылықаралық арналар желісі жаңғыртылып, автоматтандырылады. Барлық негізгі гидротехникалық құрылыстарға көпфункционалды тексеру жүргізіледі деп жоспарлануда. Бұдан басқа, қосымша гидрологиялық бекеттер ашылады, сумен жабдықтауға тарифтер қайта қаралады және суды ағызу мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты. Жалпы, Қазақстанда су экожүйелерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету жоспарлан отыр.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу