Түркияда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр

10.02.2023

Сыртқы істер министрлігі жер сілкінісінен қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денелерін 11 ақпанда елге жеткізеді. Барлық шығынды мемлекет өз мойнына алады. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Оның сөзінше, зілзаладан қираған аймақтарда отандастарымызды іздестіру-құтқару шаралары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда Кахраманмараш қаласында хабар-ошарсыз кеткен бір Қазақстан азаматын іздеу жұмыстары басталып кетті. Жалпы, осы күндері 124 отандасымыз қауіпсіз аймақтарға көшірілді. 58 адам ұшақпен елге жеткізілді. Министрліктің тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желісіне бір мыңнан астам қоңырау түскен.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:

Негізінен Түркия аумағында туыстарын табуға өтініштер түсті. Сонымен қатар Түркиядағы дипломаттарымызға қоңыраулар мен өтініштер түсіп жатыр. Олар осы бірнеше күн ішінде 150-ден астам отандастың орналасқан жерін анықтап, Қазақстандағы туыстармен байланыс орнатуға көмектесті. Кейбір азаматтарымыз отанына оралуға ниет білдірді. Сонымен қатар көптеген қазақстандықтар тұрғын үйлердің бұзылуына байланысты құжаттарын жоғалтқан. Консулдар оларға қажетті жол жүру құжаттарын сол жерде рәсімдеп берді.


Хабарламаларға жазылу