Биыл 6 715 дәріге шекті баға бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 6 715 дәріге шекті баға бекітілді

10.02.2023

4 мыңнан астам дәрі-дәрмектің былтырғы шекті құны өзгерген жоқ. Ал 2 мыңға жуық дәрінің құны орта есеппен 30 пайызға қымбаттады. Халықтың дәрі-дәрмекке жұмсайтын шығынын тежеу үшін көтерме және бөлшек саудада жылына екі рет шекті баға бекітіледі. Дәрілік заттарға белгіленген соманы көтергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Соңғы 3 жылда оны себепсіз көтергендерге 240 млн теңге айыппұл салынған. Былтыр сараптамадан өтпеген 117 дәрі-дәрмек пен 164 медициналық бұйым Қазақстан нарығына жіберілген жоқ.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу