Нұрлан Мәсімов екі бірдей іс бойынша кінәлі деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Мәсімов екі бірдей іс бойынша кінәлі деп танылды

10.02.2023
Нұрлан Мәсімов екі бірдей іс бойынша кінәлі деп танылды

Қамауда отырған Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов екі бірдей іс бойынша кінәлі деп танылды. Ол мемлекеттің қаржысын тиімсіз пайдаланған. Мәселен, 2021 жылы атты полицияға арналған сәйгүліктердің күтіміне 60 млн теңге бөлінген. Алайда 18 аттың бір жылдық азығына 10 млн теңге артық жоспарланған. Келесі жылы да 8 млн артық бөлінеді. Бюджет қаржатын тиімсіз пайдаланғаны үшін полиция генералы әрбір іс бойынша 214 мың 410 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Алда сот Нұрлан Мәсімовтің сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық ісін қарайды. Халықаралық іздеу жарияланған күдікті былтыр шілде айында Ресей шекарасында ұсталды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу