Семейде қайырымдылық шарасынан жиналған қомақты қаржы балалар үйіне аударылды. Облыс әкімінің бастамасымен «Ақ Ертіс» қоры желтоқсан айында өңірдегі кәсіпкерлер, меценаттар мен қоғам белсенділерінің басын қосып қайырымдылық балын өткізген. Арнайы ашылған есепшотқа бір айдан астам уақытта жанашыр жандардан 30 миллион теңге жиналған. Бұл қаржы түгелдей қаладағы ата-анасынан айырылған жеткіншектер тәрбиеленіп жатқан мекемелерге тапсырылды.
Рымхан Нұрғалиева, №8 балалар үйі директорының орынбасары:
Сол ақшаның 10 миллионын біздің балалар үйіне берді. Қазір балаларға қажетті тұрмыстық заттарды алғалы жатырмыз. Әр топқа жеке асхана ашу ойымызда бар. Бұл асхананы ашудағы мақсат – балаларды әлеуметтендіру. Өздері тамақ жасап үйренеді. Осы ақшаға балалар тынығатын үлкен демалыс бөлмесін жасағалы жатырмыз.
Ержан Жақып