Қазақстанда инновациялық дәрі-дәрмек шығарылмақ. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі және халықаралық биофармацевтикалық компания өкілдері келісімге Лондонда қол қойды. Онкология, кардиология, нефрология, сондай-ақ сирек кездесетін ауруларға қарсы медициналық препараттар шығаратын халықаралық компания бастапқыда қазақстандық дәрі-дәрмек шығаратын компаниялардың базасында жұмыс істейді. Кейін жеке зауыттарын салмақ. Ел экономикасына инвестиция салып қана қоймай отандық мамандарға британиялық технологияларды үйретеді.
Александр Таришкин, Биофармацевтикалық компания өкілі:
Бұған дейін 40-қа жуық препаратымызды ресми тіркеген едік. Тағы 15 инновациялық дәрі-дәрмекті елге әкелу ойымызда бар. Қазақстанда алдымен 4 препаратымызды шығаруды жоспарлап отырмыз. Олар онкология, кардиология, диабет, респираторлық және сирек кездесетін ауруларды емдейтін дәрілер.
Марина Бекенова