Петропавлда мектепке балтамен барған оқушы арнайы есепте тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда мектепке балтамен барған оқушы арнайы есепте тұр

13.02.2023

Петропавлда мектепке балта ала барып, 3 оқушыны жаралаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Жарақат алған екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. Елді елең еткізген мәселенің мән-жайын әріптесім Эльмира Кәленова баянадайды.

Владислав Горбаченко 10 сыныпта оқиды. Бүгін әдеттегідей сабаққа барған ол ауруханадан бірақ шықты. Балта басы мен мойнына тиген. Дәрігерлер жарақатын, таңып, үйіне жіберді.

Владислав Горбаченко, оқушы:

Дәретханаға кірмек болып, есікті ашқанда ол алдымнан атып шықты. Балтамен ұрғылай бастады. Басым мен мойнымды жаралады. Одан кейін тағы бір бала мен қызға шабуыл жасады. Мектеп формасы мен бетперде киіп алған. Қолында пышақ та бар.

Жапа шеккен тағы екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша жағдайлары тұрақты. Дегенмен, қандай да бір болжам жасауға әлі ерте.

Эльмира Кәленова, тілші:

Оқиға дәл осы жерде болған. Бетперде киген жасөспірім жолай кездескен жасөспірім балаларды балтамен ұра берген. Күдіктіге қатысты адам өлтіруге оқталу дерегі бойыншы қылмыстық іс қозғалды. Оны мұндай әрекетке не итермелегенін тергеу анықтайды.

Құзырлы орган өкілдері баланың психоневрологиялық диспансерде тіреуде тұрғанын растады. Ол оқу жылының басында 3 ай бойы ауырып, сабаққа бармаған.

Арман Нұртазин, қала прокуроры:

Кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Онымен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мектеп әкімшілігінің әрекетіне тиісті баға беріледі. Күдікті бірнеше мәрте республикалық орталықтарда емделген.

Ал мектеп басшылығы баланың ауыр диагнозы бары білмегенін, ешқашан оғаш мінез байқамағанын айтады.

Қылмыстық Кодексте «Адам өлтіруге оқталу» аса ауыр баптың біріне жатады. Оған сәйкес қылмыскерді 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Эльмира Кәленова, тілші:

СҚО-да жалпы білім беретін 454 мектеп бар. Олардың ешқайсысында арнайы күзмет қызметі жоқ. Демек, ғимаратқа кез келген адам кіре елады. Бүгінгі жағдайдың қайталанбасына кім кепіл?

Хабарламаларға жазылу