Украинаның Бахмут қаласы үшін шайқас жалғасып жатыр.
BBC-дің дерегіне сай, мұнда Ресей күштері жергілікті әскерді ығыстырып, бірте-бірте басымдық танытып келеді. Бұл ақпаратқа қарағанда, Мәскеу қалаға апаратын екі негізгі жолды бақылауға алған.
Енді олар Украина әскеріне құрал-жабдық жеткізетін тар жолды басып алуға тырысып жатыр. Бахмут қорғаушылары артқа шегінсе, бұл Ресейге Донецк облысының Краматорск және Славянск қалаларына шабуыл бастауға жол ашады. Осы BBC-дің дерегіне сай, Бахмутта қазір сусыз, жарықсыз қалған 5 мыңдай бейбіт тұрғын бар. Олардың көбі - қариялар.
Арай Төлегенқызы