Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының өкілдігі ашылды. Ол жерде әлеуметтану, демография, экономика және басқа да салалар бойынша зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ, сарапшылардың деңгейін көтеру мақсатында да жұмыстар ұйымдастырылады. Магистранттар мен докторанттар осы өкілдік арқылы біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алады.
Жақсылық Кемал