Түркияға 150 тонна гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияға 150 тонна гуманитарлық көмек жіберді

14.02.2023

Қазақстандықтар зілзала салдарынан зардап шеккендерге арнап 150 тонна гуманитарлық көмек жинап, Түркияға жіберді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осындай ақпарат таратты. Еріктілер осы бағыттағы жұмыстарды әлі де жалғастырып жатыр. Жиналған заттар Түркия Республикасының елшіліктері мен консулдықтарына жеткізіледі. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан 32 миллион теңге жиналып, тікелей Afad қорына аударылған. Гуманитарлық көмекке Ұлттық волонтерлер желісі мен Қазақстандағы Қызыл Жарты-Ай қоғамы да ат салысып жатыр.  

Асылбек Данияр 

Хабарламаларға жазылу