Өскемендегі қоғамдық бірлестіктегі тігінші аналар Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге көрпе-жастық тіге бастады. Олар екі күнде жүзге жуық төсеніш пен көрпе дайындаған. Гуманитарлық көмекті жөнелту үшін орталықтағы 15 тігінші кезектесіп, тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Көрпе- жастыққа қажетті материалды бастапқыда өз қаржыларына алған. Егер демеуші табылса тігіншілер ары қарай да жұмысын жалғастыра бермек. Ал дайын өнімді қалада арнайы құрылған гумнитарлық көмекті жинау орталығы арқылы жібермек.
Гүлжамал Бершімбекова, қоғамдық бірлестік жетекшісі:
«Жанұя» отбасын қолдау орталығында негізінде бізде тігін шеберханасы бар. Онда біздің көпбалалы аналарымыз келіп үйренеді. Тігін де тігеді. Сондықтан ойлана келе Түркиядағы қандастарымызға көпбалалы аналар дың атынан аз да болса, көптей көмегімізді көрсетуді ұйғардық.
Олжас Керейхан