Қазақстан Түркияға қосымша 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Түркияға қосымша 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

15.02.2023

Президент тапсырмасына сай Қазақстан Түркияға қосымша 55 тонна гуманитарлық көмек жөнелтеді. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында айтылды. Киім-кешек, қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары мен өзге де күнделікті қолданысқа қажет заттар әуе көлігімен Газиантеп қаласына жіберіледі.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу