ОСК: «Amanat» партиясының кандидаттары талапқа сай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК: «Amanat» партиясының кандидаттары талапқа сай

15.02.2023

«Amanat» партиясы атынан сайлауға қатысатын кандидаттар құрамы 75 пайызға жаңарған. Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауына қатысуға ниет білдірген азматтарды тіркеді. Үміткерлердің 29-ы әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар адамдар. Квота нормасы толық сақталған. Барлығы Конституция мен «Сайлау туралы» заң талаптарына сай. Партия алдыңғы сайлауда таңдаушылардың 71 пайыздан астам дауыс жинауына байланысты сайлау жарнасын төлеуден босатылған.

Елнұр Бейсенбаев, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

Бүгін солардың ең негізгі қорытындысын алып отырмыз. Біздің кандидаттарымыздың барлығы сайлауалды кампаниясына қатысуға, сонымен қатар барлық заңның талаптардың орындалғанына куәгерміз. Сол сәбептен Орталық сайлау комиссиясынан тіркеу қағаздарын алып отырмыз.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу