Жолдардың жай-күйін тексеру барысында 29 қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдардың жай-күйін тексеру барысында 29 қылмыстық іс қозғалды

15.02.2023

Жолдардың жай-күйін тексеру барысында 29 қылмыстық іс қозғалды. 305 азамат тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Мысалы, бір мердігер компания Ақмола облысы Қоянды кентінде 907 млн теңге бөлінген күрделі жөндеуді жасамаған. Солтүстік Қазақстанда 423 млн теңгені жымқырды деген айыппен Мүсірепов ауданы әкімдігінің және жергілікті мердігер мекеменің басшылары жауапқа тартылды.

Шығыстағы Алтай ауданында жөнделген учаскеге 148 млн теңге бюджет қаражатын артық жұмсауға жол берілмеді. Лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Жалпы тексеру қорытындысы бойынша прокурорлар 30 млрд теңгені талан таражға салудың жолын кесті.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу