Жер заңнамасын бұзғандарға заң қатаңдатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер заңнамасын бұзғандарға заң қатаңдатылады

15.02.2023

Шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға жайылым жерді сатқан мемлекеттік орган өкілдеріне 30 АЕК, яғни 100 мың теңгедей айыппұл салынуы мүмкін. Бұл әрекет бір жылда қайталанса, айыппұл мөлшері 2 есе, яғни 62 айлық есепті көрсеткішке ұлғаяды.

Сенатта комитеттің кеңейтілген отырысы өтіп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды. Ауыл маңындағы жайылымдық жерлерді жеке меншікке берген әкімдік өкілдері де осындай жауапқа тартылады.

Жерді қоршап алып, құнарлы қабатына зиян келтіргендер де жазадан құтылмайды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу