Таңғажайып жағдай Антакияда болған. Ал Хатай қаласында екі бала мен олардың анасы үйінділердің астынан тірі табылды. Барлығы да жақын жердегі ауруханаға жеткізілген. Айта кетейік, бұған дейін Кахраманмарашта 74 жастағы анасы мен оның 42 жастағы қызы аман-есен құтқарылған еді. Соңғы мәліметтерге сай, Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 41 мыңнан асты. Екі елде 26 миллиондай тұрғын шұғыл гуманитарлық көмекке зәру. Олардың көбі қыстың суығында үй-күйсіз қалған.
Арай Төлегенқызы