Каспий құбыр консорциумы арқылы 72,5 млн тонна мұнай тасымалданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий құбыр консорциумы арқылы 72,5 млн тонна мұнай тасымалданды

17.02.2023

Каспий Құбыр консорциумы құбыр жүйесінің өткізу қабілеті Қазақстан аумағынан жылына шамамен 72,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауға мүмкіндік берді. Бұл тар жерлерді жою бағдарламасын табысты іске асырудың нәтижесі. Консорциум бас директоры Николай Горбань Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында осылай деді. Премьер-министр қазір құбырдың өткізу қабілетін арттыру – маңызды мәселе екенін жеткізді. Ол Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде маңызды рөл атқаратындықтан, Әлихан Смайылов консорциумның жұмысы Үкіметтің ұдайы бақылауында болатынын және ондағы барлық мәселелерді одан әрі пысықтауға дайын екенін атап өтті.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу