Түркістан облысында 5 мектеп көмірсіз қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 5 мектеп көмірсіз қалған

17.02.2023

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы 5 мектеп қыс мезгілінде көмірсіз қалған. Себебі білім мекемелеріне қатты отын алуға қаржы қарастырылмапты. Жылусыз қалған мектептерге көмір басқа білім ұяларынан тасымалданған. Күннің суық болуынан олардың өзінде де көмір қоры таусылып, тығырыққа тірелген. Аудандағы білімге жауапты мамандарының айтуынша, бастапқыда 5 мектепті газға қосу жоспарланған. Алайда құжаттар дер кезінде рәсімделмей, көгілдір отын берілмей қалыпты. Желтоқсан мен қаңтар айында оқушылар бүрсең қағып отырғаны прокурорлық тексеріс кезінде анықталды.

Рысбек Ерназаров, Жетісай ауданы прокурорының орынбасары:
 Осы кемшілікке жол берген Жетісай аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері, яғни экономистер мен есепшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда барлық кемшіліктер жойылып, бес мектеп толықтай қатты отынмен қамтамасыз етіліп отыр.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу