Семей қаласында су басуы мүмкін 15 учаске анықталды. Қаладағы Шығыс кенті мен Согра ауданы ең қауіпті аумақ болып тұр. Ол жерлердегі үйлерді тасқын судан қорғау үшін алдын ала дайындық жұмыстары басталды. Коммуналдық қызмет мамандары мен әскерилер бөгеттер орнатып жатыр. Жыл сайын көктемде шаһарда 500-ден аса жер үй қауіпті аймаққа енеді. Қыс басталғалы қаладан 380 мың текше метр қар шығарылып, 35 шақырым арық тазартылған. Жұмыс әлі күнге жалғасып жатыр. Қала басшылығы тасқыннан қорғану үшін қолда бар техниканы түгелдей жұмылдырған.
Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласының әкімі:
Тиісті техника мен адамдар керек. Мұзды жаруға қаражаты бөлінді. Енді барлық шаруа әкімшіліктің бақылауында. Бірақ проблема әлі де бар.
Е.Жақып