«Тartyl fest» турнирінің жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тartyl fest» турнирінің жеңімпаздары анықталды

18.02.2023

Бүгін елордада «Тartyl fest» турнирінің гранд-финалы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінде іріктеу сайыстарында ең үздік нәтиже көрсеткен 170-тен аса спортшы қатысты. Олар 9 салмақ дәрежесінде турникке тартылудан жарысқа түсті.

«Тartyl fest» еліміздің салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін беретін бұқаралық спорт түріне айналды. Қазір оған жастармен қатар, ересектер де ерекше ден қойып келеді.

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

«Тartyl fest» жобасы жалғасын тауып, дәстүрге айналдырамыз деген ниетіміз бар. Өзіміздің тарапымыздан әрдайым осы жасөспірімдерге, жастарымызға, ауылдағы ағайынға, барлық аймақтағы дарынды спортқа тартысы бар, әлеуеті бар жастарды осындай сайыстарға, спорттық шараларға, жобаларға қатысуға міндетті түрде шақырамыз.

Жарыстың қорытындысы бойынша 27 жеңімпаз анықталды. Олар әр салмақ дәрежесінде жоғары нәтиже көрсетті. 90 келіге дейін ауыр салмақта қарағандылық спортшыға тең келер табылмады. Ал 50 келі салмақ дәрежесінде 10 жасар қатысушы 36 мәрте тартылып, жеңімпаз атанды.

Мансұр Уәлиев, жеңімпаз:

Армрестлинг, жеңіл атлетика, дзюдо спортына қатысамын. Осы турнирға маған жарты жыл уақыт кетті осы турнирға дайындалу үшін. Жеңу оңай болған жоқ, бірақ мен өзіме сенімді болдым.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу