Шетелдік инвестиция көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік инвестиция көлемі артты

18.02.2023

Былтыр Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 17,8 пайызға артып, 22 млрд доллардан асты. Бұл туралы Әлихан Смайылов айтты. Үкімет басшысының сөзінше бұл бағытта ары қарай дамыту үшін жаңа салық кодексі әзірленіп жатыр. Құжат күшіне енсе, салықтық бақылау толығымен цифрланады.

«Атамекен» ұлттық палатасы мен шетелдік компания өкілдерінің қатысуымен өткен жиында бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою, жаңа технологияларды дамыту талқыланды.  

Айя Мүтәлі 


Хабарламаларға жазылу