Қостанай облысынан Ресейге өтетін шекарада көліктер кептеліп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысынан Ресейге өтетін шекарада көліктер кептеліп тұр

20.02.2023

Қостанай облысынан Ресейге өтететін шекара бойындағы «Қайрақ» бекетінде бірнеше шақырымға дейін көліктер кептеліп тұр.

Куәгерлердің айтуынша, кезек екі сағатта 1 шақырымға ғана әрең жылжиды. Соның кесірінен тасымалдаушылар тауарды уақытында жеткізе алмай, тапсырысты келісімге сай орындай алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда келісім шарт бұзылып, қос тарап та шығынға батады. Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, «соңғы үш күнде Ресейге бет алған жүк көліктерінің күрт көбеюі кептеліске себеп болуы ықтимал. Осыған дейін шекарадан тәулігіне 100-130 көлік өтсе, қазір олардың саны 200-ге дейін артқан. Дегенмен Қазақстан тарапы көліктерді рәсімдеу кешіктірілмей, қалыпты жағдайда жүргізіліп жатқанын айтты.

Дамир Насыров, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті директорының орынбасары:

Біз бақылау жүргізгенде Ресей жақ беттегі бейтарап аймақта 13 сағат бойы көліктер кептеліп тұрды. Яғни олар бізден рәсімделіп шыққан көліктер, бірақ әрі қарай Ресей шекарасына өте алмай тұр. Сондықтан Қазақстан тарапы көлікті өз жағынан рәсімдеп жібергенімен алдындағы жол жабық болғасын осындай кептеліс пайда болып отыр.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу