Түркістан облысында Антикор қызметкерлері ауыл әкімдерінен пара талап еткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында Антикор қызметкерлері ауыл әкімдерінен пара талап еткен

21.02.2023

Түркістан облысында ауыл әкімдерден ақша бопсалаған антикор қызметкерлері сотталды. Олар Жетісай аудандық әкімдіктің есепшісі мен 7 ауылдық округ әкімінен қылмыстық жауапкершілікке тартпас үшін ақша талап еткен. Ал кейін осы кісілер пара беру дерегімен ұсталып, сотталған. Бірақ бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы сот аудандық және ауылдық әкімдік қызметкерлерін толығымен ақтап шықты. Себебі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің іс-әрекетінде арандатушылық бар екені анықталған. 2 антикор қызметкерінің кінәсы дәлелденіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ олар сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірді.

Марат Күздеубаев, Жетісай аудандық сотының судьясы:

Әкімдерді бірнеше рет шақырған өздеріне, яғни, егер де айтқандарына көнбеген жағдайда оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотталатындығы ескертілген. Әрқайсысының жазасы әртүрлі, кейбір әкімдерге айыппұл салынған. Кейбірлеулері бас бостандығынан айырылған. Әртүрлі мерзімге. Барлығы өзінің жазасын өтеп шыққан. Оларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Айыптау үкімі бұзылды.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу