Ұлытау облысында 30-ға тарта елдімекенді су басу қаупі бар. Бұл ауылдарда 3200-ден астам адам тұрады. Аймақ әкімі Берік Әбдіғалиұлының басшылығымен өңірдегі көктемгі су тасқынына әзірлік жұмысы пысықталды. Бас-аяғы 20 мың текше метрге жуық қар шығарылған.
Табиғат тосын мінез танытпаса, көктемгі кезең қалыпты өтеді дейді мамандар. Дегенмен наурыз айынан бастап құтқарушылардың қызметі жоғары дайындық тәртібіне көшіріледі. Тұрғындарды эвакуациялайтын 42 пункт жасақталған. 34 арнайы техника әзір тұр.
Шерхан Жамбылұлы