Павлодар қаласының өндірістік аймағындағы жеке кәсіпорындардың бірінде газбен жағылатын қазандық жарылып, екі адам зардап шекті. Олардың бірі компрессор операторы, екіншісі газ таситын көлік жүргізушісі. 56 жастағы ер адам жеңіл жарақат алған. Дәрігер көмегінен бас тартты. Ал 43 жастағы азаматты жедел жәрдем ауруханаға алып келді. Денесін қатты күйік шалған.
Ернұр Нұркебаев, №1 қалалық аурухананың дәрігері:Қазір жағдайы ауыр. Ауырлығы дене күйігімен байланысты. Яғни 40-45 күйік алған. Жан сақтау бөлімінде керекті емнің бәрін қабылдап жатыр. Есін біледі.
Алдын ала мәліметке қарағанда газ жүретін желіде ақау болған. Жарылыстың қатты болғаны соншалық қазандық тұрған ғимараттың қабырғасы опырылып, шатыры құлаған.
Данияр Андасов, Өндірістік қауіпісіздік департаментінің басшысы:Алдын ала қарау бойынша жарылыстың себебі газ-ауа қоспасының жарылысы. Аталған жарылыс бойынша комиссия құрылады. Тергеу жұмыстары жүргізіліп, жарылыстың нақты себебі анықталады.
Болат Аманбаев