«Теңізшевройл» былтыр бюджетке 14,5 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей төлем жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Теңізшевройл» былтыр бюджетке 14,5 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей төлем жасаған

21.02.2023

 «Теңізшевройл» былтыр бюджетке 14,5 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей төлем жасаған.

Оның ішінде 10 млрд доллар салық ретінде мемлекет қазынасына түскен. Серіктестік Қазақстандағы ең үздік салық төлеуші компаниялардың қатарына енді. Геосаяси жағдайдың ушығуына қарамастан шикі мұнай өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 10 пайызға өскен. Кәсіпорынның тағы бір жетістігі өндірілген мұнайдың әр тоннасына шаққандағы зиянды қалдықтар көлемін 75пайызға азайтқан. Айта кету керек былтыр компания «ең үздік жұмыс беруші кәсіпорын» деп танылған еді. Жұмысшылардың 95 пайызы қазақстандықтар.

Дәрмен Аронов, «Теңізшевройл» ЖШС бас менеджері:
 «Теңізшевройл» 1993 жылы құрылды. Биыл біз 30 жылдығымызды атап өтеміз. 30 жылдың ішінде біздің компания өндіріс саласында үздік компания болып саналады. 1993 жылдан бері 176 5 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей төлем жасады. Ендігі жоспар осыны жалғастыра беру.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу