Мемлекет басшысы бүгін «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдады. Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Иван Сауэр Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық өнімді арттыруға бағытталған бірқатар ұсынысын айтты.
Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті. Сонымен қатар еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту көрсеткіштерін арттыруға, сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін бизнес-қоғамдастықпен бірлесе әрекет ету қажет екеніне назар аударды.
Айя Мүтәлі