БАҚ өкілдеріне қатысты қылмыс жасаған 18 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдеріне қатысты қылмыс жасаған 18 адам ұсталды

22.02.2023

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты қылмыс жасаған 18 адам ұсталды. Былтыр қыркүйектен бастап биылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамның қызметімен байланысты бірқатар құқықбұзушылық жасалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Құзырлы орган қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құрып, 20 қылмыстық іс қозғаған. Қазір тексеру жалғасып жатыр.

Еске салайық, Мемлекет басшысы жауапты органдарға журналистерге қарсы жасалып жатқан қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырып, мұндай заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс екенін айтқан.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу