Елімізде пияздың бағасы тұрақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде пияздың бағасы тұрақталды

22.02.2023

Елімізде пияздың бағасы тұрақталды, жағдай бақылауда. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет үйінің кулуарында журналистерге осылай деді. Оның дерегінше, былтыр 1,2 млн тонна пияз жиналған. Оның 1 млн тоннасы Жамбыл облысында өндірілді.

Елдегі тұтыну көлемі 300 мың тонна. Яғни экспорттауға мүмкіндік бар. Бірақ ішкі сұранысты қанағаттандыруға көңіл бөлініп отыр. Қазір Қазақстанда 70 мың тонна пияз қоры бар. Оның 30 мың тоннасы Жамбыл облысында. Сондай-ақ министр бірнеше өңірдегі бағаға тоқталып өтті.

Оның айтуынша, Жамбыл облысында пияздың келісі 200 теңге, ал Астанада 260-300 теңге шамасында. Дүкендерде 300-360 теңге арасында саудаланып жатыр. Бағаны тұрақтандыру мақсатында пиязды экспорттауға уақытша тыйым салынған.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу