Елімізде қыз-келіншектер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 43%-ға жетті. Сондай-ақ кәсіпорындар мен түрлі мекемелердегі әйелдерге бөлінетін жұмыс орындарының саны да артқан. Бұл туралы Алматыда өткен «Women in Business» форумында айтылды. 100-ден астам кәсіпкер қатысқан шарада бизнес бастаудағы қолдаулар мен кедергілер талқыланды. Бүгінгі таңда «Almaty business club» оқыту платформасы жұмыс істеп тұр. Оның аясында 100 мың қыз-келіншек кәсіп ашудың қыр-сырын үйреніп жатыр. Тиісінше былтыр Алматыда 7 мыңға жуық әйел өз ісін бастаған. Олардың арасында әлеуметтік сала бойынша жалғыз басты, көпбалалы аналарға көмектесіп, бағыт-бағдар беретін шағын компания ашқандар бар.
Ақмарал Байсерова, кәсіпкер:
Біздің орталықта 12 мың әйел тіркелген. Оның ішінде 1000-нан астам әйел «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттар алды. Енді өздерінің кәсіптерін ашып отыр. Тағы бағдарлама аясында 51 ана 2 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін гранттарын алып, кәсіптерін ашып отыр.
Нұрсұлтан Тілектес