Тікұшақ апатынан аман қалған екі адам Оралдағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың кім екені туралы әзірге ақапарат жоқ. Қазір бізбен бірге тікелей эфирге қосылуға өңірдегі әріптесім Ардақ Мұратқызы әзір тұр. Ардақ, зардап шеккен екі адамның жағдайы қалай? Соңғы мәліметтерді бөліссең?
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Біз қазір қалалық аурухананың жанында тұрмыз. Тікұшақ құлаған аумақ қаладан 60 шақырым жерде. 1961 және 1987 жылы туған екі ер адам түнде осы ауруханаға жеткізілді. Жедел көмек көрсетілген. Дәрігерлер қос науқастың да жағдайы қазір тұрақты екенін айтты.
Екеуі де бас сүйектің жабық жарақатын алған. Ми шайқалуы, төбе сүйегінің аймағы соғылған. Қазір екі азамат та нейрохирургия бөлімінде жатыр. Жағдайлары бір қалыпты. Дәргерлер, науқастарды әлі бірнеше күн бақылауда ұстайды. Өмірлеріне қауіп жоқ деп отыр.
Ардақ Мұратқызы