БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында Ресейді Украинадан әскер шығаруға үндейтін қарар қабылданды. Құжатты 141 ел қолдаған, ал 7 мемлекет қарсы шықты. Өзге 32 қатысушы ел қалыс қалды.
Украина аумағында қарулы қақтығыстардың басталғанына бүгін тура 1 жыл толды. Еске салайық, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей армиясы көрші елге басып кірді. Мәскеу мұны «арнайы әскери операция» деп атады. БҰҰ-ның мәліметіне сай, әскери қақтығыстан 7 мыңдай бейбіт тұрғын қаза тауып, мыңдаған адам жараланды. 8 миллионнан аса украиналық елін тастап кеткен.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/172102/)