АҚШ пен Қазақстан арасындағы өзара сауда-саттық рекордтық көрсеткішке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Қазақстан арасындағы өзара сауда-саттық рекордтық көрсеткішке жетті

24.02.2023

АҚШ-тың Қазақстанға құйған тікелей инвестициясы былтыр тоғыз айдың өзінде бес млрд доллардан асқан. Яғни, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60%-ға жуық артты. Бұл екі жақты байланыс тарихындағы ең үлкен көрсеткіш. Еліміз негізінен мұнай, металл бидай өнімдерін экспорттаса, АҚШ-тан автокөлік, қондырғылар, құс еті, дәрі-дәрмек, вакцина секілді түрлі тауарларды сатып алады. Тек сауда саттықпен шектелмей, Қазақстанға қаржы құйып, жаңа бизнес көздерін ашуға ниетті АҚШ компанияларының қатары көбейді. Былтыр америкалық кәсіпкерлер еліміздің экономикасына шашамен алты миллиард доллар құйған.

Ержан Ашықбаев, ҚР АҚШ Төтенше және өкілетті Елшісі:

Былтырғы жылдың өзінде бірнеше компания өз өндірістерін Қазақстанға әкелді. Биыл тағы бірнеше компания Ресей нарығынан шығып, Қазақстанда ашады деп сенеміз.

Бизнестерін көрші елден шығарып, Қазақстанға ауыстырып жатқандардың ішінде IT-технология, денсаулық сақтау салаcы қондырғыларын жасайтын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін компаниялар бар. Сондай-ақ, америкалық бизнес баламалы энергия көздерін дамытуға, жеңіл өнеркәсіпті өркендетуге және білім беру салаларындағы тың жобаларды жүзеге асыруға қаржы құймақ.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу